Волочкова патшаға теңеген қазақ жігіті кім?

Ресейлік балерина Анастасия Волочкова Нурик есімді жүргізушіге Қарағандының боранынан құтқарғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Қамшы.

Анастасия Волочкова мен актер Илья Соколовский Нурик жүргізушіге театр труппасын боранға қарамастан, Астанадан Қарағандыға дейін аман-есен жеткізгені үшін ризашылығын білдірді.

«Нурик, қымбаттым, сен патшасың. Сен сондай кәсіпқой жүргізушісің. Әрине қорқынышты, бірақ қауіпсіз болды. Бұл нағыз экстрим! Осындай шұғыл жағдайда жанымызда болып, аман-есен жеткізгенің үшін саған көп рақмет! Жолда біз достасып үлгердік», – деп алғысын білдірді Анастасия Волочкова.

Волочкова ресейлік актерлердің құрамымен «Леди» спектаклі бойынша Қазақстанды аралап жүр. Қарағанды тас жолында боран күшіне мініп, машина жолда тұрып қалған болатын.

Актерлерге машинаны итеруге тура келген. Қазір труппа Павлодарда өнер көрсетіп жүр.

Back to top button