Жаңалықтар

Полицей қызметтік көлігімен қағып кеткен әйел көз жұмды

ашық дереккөзі

Полицей қызметтік көлігімен қағып кеткен әйел көз жұмды

Алматыда полицей жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 3 тамыз күні Жансүгіров көшесінде болған. «Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында көз жұмды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Қазір полиция қызметкері уақытша ұстау абақтысына жабылды.