Жексенбі, 25 Қыркүйек, 2022

Алматыда 9 қабаттан биік үй салуға тыйым салынады

Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салуға шектеулер қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала әкімі атап өткендей, Бостандық ауданының негізгі проблемасы жаппай және нүктелі құрылыс болып отыр. Соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түсті. Бүгінде Бостандық ауданында белсенді құрылыстың 6 алаңы бар.

«Мәселені жүйелі шешу үшін маусым айында қала құрылысы регламентіне толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде Абай даңғылынан оңтүстікке қарай және әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай тұрғын үйлердің қабаттылығы 9 қабатқа дейін болуы белгіленді және әлеуметтік нысандар салу бойынша міндетті талап енгізілді. Құрылыстың жаңа ережелері бойынша жұмыс басталып кетті», – деді Алматы әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button