Бала қауіпсіздігі: қайғылы жағдай қайталанбасын десек...

Бала қауіпсіздігі: қайғылы жағдай қайталанбасын десек...

Бала қауіпсіздігі: қайғылы жағдай қайталанбасын десек...
ашық дереккөзі
Терезеден құлау – балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қаупіне жиі ұшырайды. Елордалық ТЖД бұл баланың өзі терезе алдында ойнаудың қауіптілігін әлі бағалай алмайтын жас екенін атап өтті. Бұл туралы turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде болады. Қалалық ТЖД ата-аналар балалармен тұрақты негізде әңгіме жүргізіп, оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет екенін қаперге салды. Сонымен қатар кішкентай балаларды терезелері ашық бөлмеде жалғыз қалдырмау керектігін айтты.
«Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған.  Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді. Өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Көбінесе балалар осы торлармен бірге құлап кетеді. Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз. Егер үйде кішкентай балалар болса, терезелерге құлпы бар арнайы тұтқаларды (торды) және кішкентай балалардың терезелерді ашуына жол бермейтін басқа құрылғыларды орнату қажет», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 101, 112 нөміріне қоңырау шалу керек.