Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды

Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды

Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды
ашық дереккөзі
Қазақстан Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда, осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды.
«Шетелдердің ресми делегацияларының Тайванға сапарлары ҚХР үкіметімен келісілуі тиіс деп санаймын», – деді Айбек Смадияров.