Жаңалықтар

Шахмат олимпиадасы: әйелдер құрамасы Әзербайжанға есе жіберді

ашық дереккөзі

Шахмат олимпиадасы: әйелдер құрамасы Әзербайжанға есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанда өтіп жатқан Шахмат олимпиадасында Әзербайжанға есе жіберді. Бұл – қазақстандық шахматшылардың аталған сайыстағы алғашқы жеңілісі деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Әйелдер құрамасы Әзербайжан командасынан 1:3 есебімен ұтылған. Ал Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қарсыластарымен тең түссе, Ксения Балабаева мен Гүлісхан Нахбаева жеңіліс тапты. Осылайша, әйелдер құрамасының еншісінде 4 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс бар. Бұл көрсеткішпен қазақстандық команда Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының турнир кестесінде 6-орыннан 14-орынға сырғыды. Ертең спортшылар демалады. 5 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнаммен ойнайды.