Дүйсенбі, 20 Наурыз, 2023

Шахмат олимпиадасы: әйелдер құрамасы Әзербайжанға есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанда өтіп жатқан Шахмат олимпиадасында Әзербайжанға есе жіберді. Бұл – қазақстандық шахматшылардың аталған сайыстағы алғашқы жеңілісі деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әйелдер құрамасы Әзербайжан командасынан 1:3 есебімен ұтылған. Ал Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қарсыластарымен тең түссе, Ксения Балабаева мен Гүлісхан Нахбаева жеңіліс тапты. Осылайша, әйелдер құрамасының еншісінде 4 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс бар. Бұл көрсеткішпен қазақстандық команда Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының турнир кестесінде 6-орыннан 14-орынға сырғыды. Ертең спортшылар демалады. 5 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнаммен ойнайды.

 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button