Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
4 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

4 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус аптап ыстық болуы ықтимал.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Жел шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с.

Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні –18 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Талдықорған қаласында найзағай ойнайды.