Қазақстандық тележурналист даулы "Познермен сұхбаттан" кейін жұмыстан кетті

Қазақстандық тележурналист даулы "Познермен сұхбаттан" кейін жұмыстан кетті

Қазақстандық тележурналист даулы "Познермен сұхбаттан" кейін жұмыстан кетті
ашық дереккөзі
"Еуразия бірінші арнасы" телеарнасының бас редакторы Руслан Смыков ресейлік белгілі журналист Владимир Познерге берілген жалған сұхбат дауынан соң қызметінен кетті. Әріптестерінің мәлімдеуінше, Смыков қызметінен кететіні туралы арызды 17 желтоқсанда эфирге Познерге берілген жалған сұхбаты шығып кеткен соң "басшылықпен арада болған келіспеушілікке" байланысты жазған.
17 желтоқсанда "Еуразия бірінші арнасы" телеарнасының ("Ресей бірінші арнасының" филиалы) сайтында Владимир Познердің қазақстандық тележүргізуші Аймира Шәукентаевадан "сұхбат алып отырғаны" көрсетілетін видеоролик жарияланған еді. Познер кейін Азаттыққа мұндай сұхбат мүлдем болмағанын айтып, оны "өрескел әдепсіздік" деп атаған. Телеарна редакциясы кейін сұхбаттың "қалжың" ретінде берілгенін мәлімдеген. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев оны "сәтсіз қалжың" деп атады. Смыков пен Шәукентаева биыл көктемде телехабарларында Қазақстанның бірнеше облысында болған "жер реформасына" қатысты митингілер шетелден қаржыландырылды деп бірнеше рет мәлімдеген соң әлеуметтік желілерде сынға ұшыраған.