Президент келіссөз жүргізген Ajlan & Bros Holding Group қандай компания?

Президент келіссөз жүргізген Ajlan & Bros Holding Group қандай компания?

Президент келіссөз жүргізген Ajlan & Bros Holding Group қандай компания?
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жасаған сапар барысында жергілікті бірқатар кәсіпкермен жеке кездесу өткізген еді. Атап айтқанда, Ajlan & Bros Holding Group холдингтік топ басқармасының басшысы Аджлан бен Әбделазиз Әл-Аджланмен және Acwa Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әбунаянмен әңгімелескен болатын. Аталған компаниялардың ішінде Сауд Арабиясы Корольдігінің және Таяу Шығыстағы ірі конгломераттың бірі – Ajlan & Bros Holding Group Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі екенін айтқан еді. Қазіргі уақытта холдинг Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс жобасын пысықтау үстінде. Президент кездескен Ajlan & Bros Holding Group холдингі Эр-Риядтағы Дейра базарында шағын ғана дүкен ретінде өзінің жұмысын бастаған. Қазір әлемнің әр түпкіріне өзінің өнімдерін, қызметтерін ұсына алатын үлкен әрі қуатты бірлестікке айналып отыр. Компания 1979 жылы ағайынды төрт жігіттің бастасымен құрылған. Бір емес, бірнеше кәсіптің басын қосып, әлемдік деңгейдегі бірлестікке айналып отыр. Оның ішінде: киім-кешек, жылжымайтын мүлік, инвестиция жасау, энергия, технология, тамақ өнімдері, логистика, қонақ үй бизнесі және бірнеше қызмет көрсету кәсібі бар. Бірлестіктің мақсаты қандай? 2030 жылға қарай Ajlan & Bros Holding Group төмендегі бірнеше мақсатқа жетуді көздеп отыр: - Халықаралық деңгейде әлемнің ең үздік әрі талантты кәсіпкерлерінің басын қосатын кәсіпкерлер тобын құру; - Түрлі салада дамып жатқан халықаралық деңгейдегі мықты серіктестерімен ынтымақтастық орнату; - Инвестиция көлемін арттырып, заманауи секторларда көшбасшы позициясына жету; - Vision 2030-дың дамуы үшін өте маңызды әрі пайдасы мол қадамдар жасау. Президент Мұхаммед Әбунаянмен кездесуде баламалы энергия көздерін дамыту мәселелерін талқылаған болатын. Қазақстанның 2030 жылға қарай жаңартылған энергия көздерінің 30 пайызын өндіруді жоспарлап отырғанын да президент атап өткен.