Индонезияда «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтті

Индонезияда «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтті

Индонезияда «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтті
ашық дереккөзі
Индонезияның астанасы Джакартада Димаш Құдайберген мен Қазақстанның мәдениетіне арналған 10 күндік көрме өтті деп хабарлады turkystan.kz dimashnews сайтына сілтеме жасап. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі мен Индонезия Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайберген DIDFC индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды. Барлық қонақтар үшін Димаштың «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойылымдар дайындады. Көрмеде Димаштың жанкүйері Тита Джаджосман Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» атты белгілі поэмасын оқып, қонақтарды таңқалдырды. Сондай-ақ көрменің ашылу күні барлық қонақтар Димаштың «D-Dynasty» концертін тамашалады. Көрмеде Димаштың фотосуреттері, оның шығармашылығы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстанның суреттері көрсетіліп, кәдесыйлар ұсынылды.