Қазақстандағы көлік иелерінің орташа жасы қандай?

Қазақстандағы көлік иелерінің орташа жасы қандай?

Қазақстандағы көлік иелерінің орташа жасы қандай?
ашық дереккөзі
Қазақстан автобизнес қауымдастығы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, елімізде көлік иелерінің орташа жасы – 39 жас. Бұл туралы turkystan.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап хабарлады. Деректерге сүйенсек, жаңа көлікті көбінесе 35-44 жастағы адамдар тізгіндейді екен. Ал жалпы автөкөлікті көбіне 35-44 жастағы әйелдер мен 25-34 жастағы ер адамдар жүргізеді.
«Сауалнама қорытындысы бойынша, Hyundai Cresta және Nissan Qashqai маркалы көліктерінің жартысы әйелдерге тиесілі екен. Респонденттердің 63%-дан астамы Kia Picanto көлік маркасын әйелдерге арналған көлік деп есептейді. BMW маркалы көлігінің иелері орташа есеппен 34 жаста. Ал UAZ автомобиль иелері орташа есеппен алғанда 44 жаста», - делінген хабарламада.
Барлығы 73 мыңнан астам сауалнама өңделген. Олардың негізінде еліміздегі көлік иелерінің жасы бойынша автомобиль брендтерінің рейтингі жасалынды. Айта кетсек, елімізде танымал көлік маркалары – Toyota, Hyundai, Kia, Volkswagen, Audi және Lexus.