Түркістандық полицей халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды

Түркістандық полицей халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды

Түркістандық полицей халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында қызмет ететін полицей халықаралық жарыстан жеңіспен оралды деп хабарлады turkystan.kz. Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат Утешов Нидерландтың Роттердам қаласында өткен халықаралық сайысқа қатысты. Полицейлер мен өрт сөндірушілер арасындағы жарысқа  97 мемлекеттің мықтылары келген.  width= 90 келі салмақта армрестлинг бойынша күш сынасқан Нұрқанат Утешов қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті. Ол оң қолымен 5 қарсыласпен күресті. 5-еуін де жеңіп, алтын медаль алып отыр. Ал сол қолы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Осылайша, отандасымыз елге алтын және күміс медальмен оралды. Нұрқанат Утешов жастайынан спортпен шұғылданады. Қол күресімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Бұған дейін Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы болған.