Пелосидің Тайванға сапарын 3 миллионға жуық адам бақылаған
Пелосидің Тайванға сапарын 3 миллионға жуық адам бақылаған
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға бағыт алған ұшағын әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2,92 миллион адам бақылады. Бұл туралы Flightradar24 сервисі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Нэнси Пелоси мінген SPAR19 рейсі Flightradar24 тарихындағы ең көп бақыланған тікелей рейс болды. Ұшақ Куала-Лумпурдан Тайбэйге дейін жеті сағат ұшқан.