Жаңалықтар

«5 жыл бойы қазақша ән жазбаппын»: Димаштың жаңа туындысы жарық көреді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«5 жыл бойы қазақша ән жазбаппын»: Димаштың жаңа туындысы жарық көреді (ВИДЕО)

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген ана тілінде ән жазып шығарды деп хабарлады turkystan.kz. Димаш Құдайберген шығармашылығындағы айрықша жаңалықпен Instagram парақшасында бөлісті. «Бұл - кейінгі бес жылдан бері қазақ тілінде жазылған бірінші эстрадалық әнім. Музыканы аса талантты Еділжан Ғаббасовпен бірге жаздым. Туындының тұсаукесері бірер күннен соң болады» деп жазды әнші әлеуметтік желіде. Оның тыңдармандары әннің жарыққа шыққанын асыға күтетіндерін білдірген. Ал әнші болса, аталмыш әнді орындаған сәтінен видео үзінді жариялады.