Атырауда жас жігіт суға батып кетті
Атырауда жас жігіт суға батып кетті
Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай селосындағы Бақсай каналына барған жас жігіт суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
«2 тамыз сағат 15:05 кезінде Бақсай каналына суға түсуге рұқсат етілмеген жерде суға шомылған 1996 жылы дүниеге келген азаматтың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына Атырау қаласынан Атырау облысы ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы шықты. Сағат 19:10-да жергілікті тұрғындардың күшімен марқұмның денесі табылып, судан шығарылды», - делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 5 сүңгуір-құтқарушысы және 1 бірлік үрмелі қайық, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен жергілікті тұрғындар (2 адам) жұмылдырылды.