АҚШ саясаткері мінген ұшақ Тайванға қонды

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің ұшағы Тайванға қонды деп хабарлады turkystan.kz.
Flightradar24 хабарлауынша, Boeing C-40C ұшағы аралға Малайзиядан ұшқан. Осылайша, Пелоси 25 жылдан кейін Тайванға келген жоғары лауазымды америкалық саясаткер атанып отыр.
Қытай телеарнасының хабарлауынша, осы оқиғаға байланысты Қытай Халық азаттық армиясының Әскери-әуе күштерінің Су-35 жойғыштары Тайвань бұғазына бет алған.
CNBC арнасының хабарлауынша, президент Джо Байден әкімшілігінің өкілдері қытайлық әріптестерін Пелосидің әрекетіне америкалық көшбасшының да, әскери кеңесшілердің де ықпалы жоқ деп сендіруге тырысуда.