Ғазиза Құдайбергенқызы Ұлттық академиялық кітапхана директоры болып тағайындалды

Ғазиза Құдайбергенқызы Ұлттық академиялық кітапхана директоры болып тағайындалды

Ғазиза Құдайбергенқызы Ұлттық академиялық кітапхана директоры болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ұлттық кітапхананың ресми парақшасында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін Ұлттық академиялық кітапхана директоры қызметін Үмітхан Мұңалбаева атқарған болатын. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы (АҚРҰАК)  2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылды. Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдаланып отыр. Кітап қоры 380 000-ға жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500-ден аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі. Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының онлайн каталогтарын ұсынады.