Полиция департаменті адамды азаптап жатқан видеоға түсініктеме берді

Полиция департаменті адамды азаптап жатқан видеоға түсініктеме берді

Полиция департаменті адамды азаптап жатқан видеоға түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Түркістан облысының Полиция департаменті Сауран ауданының полиция бөлімінде түсірілген видеоматериалға қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz. Полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің «полицейлер азаптады» деген айыптауы сол күні тексерілгенін мәлімдеді.
«Полицейлер 2 күдіктіні анықтаған. Сотқа дейінгі тергеу толық көлемде жүргізілді, алайда қылмыстың дәлелденбеуіне байланысты іс тоқтатылды. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Өзіндік қауіпсіздік басқармасына тапсырма беріп, қылмыстық іс қозғалды. Биыл ақпанда полицейлерге қатысты қылмыстық іс  заң талаптарына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сауран ауданының полиция бөлімінде түсірілген видео тарады. Видеодан тұрғынның жанұшыра айқайлаған дауысы естіледі. Өзінің айтуынша, оның басына полицейлер полиэтилен пакет кигізіп, әбден ұрып-соққан. Сөйтіп жоғалған екі қойды оның мойнына ілгісі келген көрінеді. Облыстық Полиция департаменті болса азап көрген ер адамның мал ұрлығына қатысы жоқ екенін айтты. https://www.youtube.com/watch?v=o0gUD3buKxc&t=33s