Есіңе мені алғайсың: бүгін – әнші Мәдина Ерәлиеваның туған күні

Есіңе мені алғайсың: бүгін – әнші Мәдина Ерәлиеваның туған күні

Есіңе мені алғайсың: бүгін – әнші Мәдина Ерәлиеваның туған күні
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ерәлиеваның туған күні деп хабарлады turkystan.kz. Әнші көзі тірі болғанда 68 жасқа толар еді. Кәусар бұлақтай таза да сыңғыр үнімен тыңдаушысын тамсандырған қазақтың аяулы қызының өмірден өткеніне 22 жыл болса да, көңілден кеткен жоқ.  Нәзік те сыршыл үнімен, өзіндік мәнерімен халықтың сүйіктісіне айналған әнші «Ай-қарагөз», «Ақбаян», «Жылқы ішінде ала жүр» сияқты халық әндерін нақышына келтіре орындаған. «Кіресің жиі түсіме» (Қ.Құрманәлиев), «Сағым жылдар» (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) әндері Ералиеваның өзіне ғана тән орындау ерекшелігімен халықтың жадында қалды. Мәдина Есмалайқызы Ерәлиева 1954 жылы тамыз айының екісінде Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылорда педагогика училищесінің музыка бөлімін, 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының музыка факультетін бітірген. 1978-1984 жылы Әдебиет және өнер институтында қызмет етті. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды.