Аружан Жазылбекова «Алтын Орда» туралы ресейлік фильмге түседі

Аружан Жазылбекова «Алтын Орда» туралы ресейлік фильмге түседі

Аружан Жазылбекова «Алтын Орда» туралы ресейлік фильмге түседі
ашық дереккөзі
«Рэкетир-2», «Дорога к матери», «Свадьба на троих» фильмдері арқылы танылған қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова «Бірінші арнаның» жаңа жобасы – «Золотая Орда» сериалында басты рөлдердің бірін сомдайды деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Қазір Ресейде 16 сериялық фильмнің түсірілімі басталды. Бюджеті 400 млн рубль болатын ірі жобаның шығарылымы 2017 жылға жоспарланған болатын. Картинаның анонсы 2015 жылы қазанда жарияланды. Сол кезде ұйымдастырушылар тарихи оқиғаға негізделген махаббат драмасы жарыққа шығатынын айтқан. Өткен жылдың соңында фильмге кастинг жарияланды. Кастинг Қазан, Уфа, Мәскеу, Санкт-Петербургте өткен болатын. Фильм режиссері – Тимур Алпатов, продюсерлер – Рубен Дишдишян, Арам Мовсесян, Елена Денисевич, Нелли Яралова. Басты кейіпкерлерді Александр Устюгов, Светлана Колпакова, Юлия Пересильд, Сергей Пускепалис, Владимир Веревочкин, Артур Иванов сомдайтыны белгілі. Жаңа фильмге Аружан Жазылбековадан басқа Дина Тасболатова, Санжар Мәдиев және Дәулет Әбдіғапаров сияқты қазақстандық актерлер түседі. Сериал XIII ғасырдың екінші жартысындағы оқиғаларға негізделген. Бұл – орта ғасыр тарихындағы ең әсем кезеңдердің бірі. Алтын Орда гүлденген дәуір.