Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға 2 тамыз түнгі сағат 02:00 шамасында «Шымкент-Бадам-Арыс» тас жолының Сарыарық ауылы тұсында болған. Lada Priora мен ВАЗ-21099 көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Алайда, жолаушының бірі ауруханада қайтыс болды.
«Бүгінгі таңда аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.