Жаңалықтар

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға 2 тамыз түнгі сағат 02:00 шамасында «Шымкент-Бадам-Арыс» тас жолының Сарыарық ауылы тұсында болған. Lada Priora мен ВАЗ-21099 көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Алайда, жолаушының бірі ауруханада қайтыс болды. «Бүгінгі таңда аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.