Балконнан құлайын деп тұрған сәбиді құтқарған студент марапатталды
Балконнан құлайын деп тұрған сәбиді құтқарған студент марапатталды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Дене шынықтыру факультетінің 19 жастағы студенті Ерасыл Махмұд «Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматыда марапатты ұжым алдында салтанатты жағдайда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қасымбаев тапсырды. Ол Ерасылдың ата-анасына балаға лайықты тәрбие бергені үшін алғысын білдіріп, Қазақстанда осындай жастар барда аға буын еліміздің болашағына қатты алаңдамай, сенімді болатынын атап өтті», – деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар баланы құтқару кезінде көрсеткен жедел әрекеті үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ермекбай Тамабаев ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды.