Нұрсұлтан Аманжолов угандалық боксшыны нокаутқа жіберді

Нұрсұлтан Аманжолов угандалық боксшыны нокаутқа жіберді

Нұрсұлтан Аманжолов угандалық боксшыны нокаутқа жіберді
ашық дереккөзі
Қазақстан боксшысы Нұрсұлтан Аманжолов (4-0, 3КО) Дубайда Wicked N’ Bad британиялық промоушені (БАӘ) ұйымдастырған кеште өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Н.Аманжолов угандалық Шапи Мушотомен кездесті. Супер ауыр салмақтағы жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Аманжолов қарсыласын нокаутқа жіберді. Үшінші раундта, сондай-ақ рефери Мушотоға екі рет нокдаун жазды. Осылайша, Нұрсұлтан кәсіпқой бокста бесінші рет жеңіске жетті. Айта кетейік, супер ауыр салмақтағы боксшымыз - WBA, WBO, IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, украиналық Александр Усиктің (19-0, 13КО) спарринг-қарсыластарының бірі.