Елімізде екі ауданның атауы өзгереді

Елімізде екі ауданның атауы өзгереді

Елімізде екі ауданның атауы өзгереді
ашық дереккөзі
Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында екі ауданның атауы өзгереді деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қарағанды облысының Осакаров ауданының атауы өзгертіледі. Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы «Сарыбел» тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады. Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға «Тұран» атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. Комиссия мүшелері мемлекеттік меншіктегі бірқатар объектіге атау беру және қайта атау туралы ұсынысты мақұлдады.
«Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныс сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Кейінгі уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, маңызды шешімдер қабылдады», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.