Жаңалықтар

250 мыңнан астам ауыл тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасымен танысады

ашық дереккөзі

250 мыңнан астам ауыл тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасымен танысады

Ақпараттық марафон барысында «AMANAT» партиясының мүшелері 179 аудандағы 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Осылайша, еліміздегі 250 мыңнан астам отандасымыз партияның Үкіметпен бірлесіп іске асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы егжей-тегжейлі танысады. Жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несиені қайдан алуға болады? Кооперативті не үшін құру керек? Мемлекет техниканы лизингке алуға көмектесе ме? Еліміздің барлық өңіріне 40 күндік ақпараттық марафонға аттанған партияның мобильді топ мүшелері осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап беруге дайын. Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.