Жаңалықтар

«Ұлтаралық мәселеге қатысы жоқ»: әкімдік 15 жастағы қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді

ашық дереккөзі

«Ұлтаралық мәселеге қатысы жоқ»: әкімдік 15 жастағы қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді

Жетісу облысының әкімдігі Панфилов ауданы Шолақай ауылындағы оқушы қыздың өліміне байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Қазір күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған. «Қылмысқа қатысы бар, бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысын мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады. Әлеуметтік желілерде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап, өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ. Қазір Панфилов ауданында жағдай тұрақты. Облыс әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының бақылауында», – деді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінен. Бұған дейін Жетісу облысындағы жантүршігерлік қылмыс туралы жазған болатынбыз.