Әкесі мен баласына үйленуге рұқсат берілді

Әкесі мен баласына үйленуге рұқсат берілді

Әкесі мен баласына үйленуге рұқсат берілді
ашық дереккөзі
АҚШ-та «әкелі-балалы» ерлер үйленуге рұқсат алды. Армандарына жетіп, бақытқа бөленген Нино мен Роланд отандастарын Рождествомен құттықтады, деп хабарлайды Metro. Пенсильвания штатының 79 жастағы Нино есімді тұрғыны сүйіктісі Роландпен бірге 46 жыл ғұмыр кешіп келеді. 2012 жылы ол өзінен 10 жас кіші Роландты ресми түрде асырап алған. Үйлену құқығын алу үшін «әкесі мен баласына» үш жылдан астам уақыт керек болды. Ниноның айтуынша, «өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін» оған сүйіктісін асырап алуға тура келген. 2012 жылы Пенсильванияда  бір жынысты некеге тұруға рұқсат берілмегендіктен, Нино мен Роланд ара қатынастарын заңдастыра алмаған көрінеді. Араға үш жылдан астам уақыт салып олар асырап алу келісімшартын неке шартына айырбастады. 79 жастағы зейнеткер қайтыс болған жағдайда дүние-мүлкімді кімге мұра етем деп алаңдамайтынын айтты.