Жаңалықтар

Гитлер таққан қолсағат 1,1 млн долларға сатылды

ашық дереккөзі

Гитлер таққан қолсағат 1,1 млн долларға сатылды

«Гитлердің өзі таққан» деп айтылып келген қолсағаты 1,1 млн долларға бағаланып, АҚШ-тың Мэриленд штатында өткен Alexander Historical Auctions аукционында сатылып кетті.

Huber маркалы сағатта Гитлердің нацистік белгісі және AH жазуы бедерленген.

Сағаттың аукционда сатылуына байланысты еврейлер де қарап қалған жоқ. Олардың көшбасшы тұлғалары наразылық білдірген. Алайда, неміс БАҚ-тарының жазуынша, тек Гитлердің ғана емес, басқа да нацистік символикасы бар заттарды акуционға шығару – тарихты сақтап қалу деп түсіндірген.