Министрлік үш мегаполиске қосымша қант жіберетін болды
Министрлік үш мегаполиске қосымша қант жіберетін болды
Қанттың құны биыл екі есе өсті. Қазір оның бір келісі 740 теңгеден сатылып жатыр. Ал халық тәулігіне орташа есеппен 650 тонна құмшекер тұтынады деп хабарлады turkystan.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының мәліметінше, қазір барлық күш шағын бизнеске көмектесуге бағытталған. Елімізде 10 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны банкрот болудың алдында тұр.
«Қанттың шамамен 60-70%-ы мәзірге қосымша консервант ретінде қосылады. Тәтті тоқаш, кондитерлік өнімдердің барлығына қажет. Қарапайым, қамыр дұрыс көтерілу үшін де қант қосамыз. Құны 30-35 пайызға өсіп жатса, түсінуге болады. Індетке дейін әрі кетсе 35-40 пайыз шамасында болады. Қазір 60 пайызға өзгеріп отыр», – дейді ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы басқарма төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.
Ауыл шаруашылығы министрлігі республикадағы үш мегаполиске қосымша қант жіберу туралы шешім қабылдады. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ, қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажеттілікті есептейді.