Жаңалықтар

Жаңадан құрылған облыстарда баспана бағасы 10%-ға өскен

ашық дереккөзі

Жаңадан құрылған облыстарда баспана бағасы 10%-ға өскен

Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мұны қолдан жасалған қымбатшылыққа балады. Ол жергілікті халықтан сұраныс азайғанда, баға қалпына келеріне сенімді деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Жаңа өңірлер ғана емес, жалпы ел аумағында мүлікті сатып алу-сату келісімдері біршама азайған. Мамандар тұрғын үйдің өз бағасын есептеу қиындағанын айтады. Оған әлемдегі геосаяси ахуал, қымбатшылық, логистикалық кедергілер әрі құрылыс материалдарының 90 пайызға жуығы шетелден алынуы себеп. Риэлторлар сатушылардың екінші нарықтағы пәтер бағасын шарықтатып қойғанын айтады. Әсіресе, Семей, Жезқазған, Қонаев қалаларында 10 пайызға өскен. Осылайша 1 шаршы метрі 250-300 мың теңгені құрады. Наурыздан бері елде ай сайынғы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдері 30 мыңға азайып жатыр. Халық екінші нарықтағы бір бөлмелі пәтерлерді көп таңдайтын болған. Саладағы сарапшы Зульфия Гетманчук сұраныстың азаюы үлескерлер дауының қайта өршуіне алып келуі мүмкін дейді.