Кентауда жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылды

Кентауда жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылды

Кентауда жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында жаңа өндірістік кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жаңа жобаның лентасын Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабайұлы, «Alageum Electric» холдингтік компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Қожабаев Сейдулла қиып, кәсіпорынның қызметкерлерін тәуелсіздік мемрекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Үдемелі Индустриялды Инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз бойынша қаншама кәсіпорындар іске қосылып жаңа жұмыс орындары ашылып жұмыссыз азаматтарға қуаныш сыйлады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.10.2014 жылғы №337 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үдемелі Индустриялды-Инновациялық Даму бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Электродеталь» ЖШС-нің «0.4.6.10.35 кВ жиынтық-тарату жабдықтар және электр  техникалық қондырғылар шығару» жобасы индустриаландыру картасына енген. Кентау қаласы әкімдігінің 4 наурыз 2013 жылғы №93 қаулысымен, қаламызда жалпы алаңы 25,0 га жер телімінде индустриалды аймақ құрылды. Бүгінгі таңда индустриялды аймақта 5 жоба орналастырылып, 1998,5 млн.теңге инвестиция тартылуда.  4,3 га жер теліміне инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында мемлекет тарапынан 1 419,3 млн,теңгеге инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Іске қосылған жаңа жобаның сметалық құны 867 млн.теңгені құрап, өндірістік кәсіпорын соңғы типтік үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, индустриялды аймақтан 1,6 га жер теліміне орналастырылған.  Аталған кәсіпорында көршілес Еуропа елдерінен, Автрия, Германия, Италия, Түркия елерінен шығарылған плазмамен кесу машинасы, беттерді игіш электромеханикалық орталық, гидравликалық пресстер, электромеханикалық револьверлі координатты тесу пресі, орау станогтары, магнитті сымдары тегістеу стөлі орамдарына арналған гидравликалық пресс, белсенді бөлшектерін престеу жүйесі, май дайындауға арналған қондырғысы сынды құрылғылар жұмыс жасауда. «ЭлектроДеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Кентау трансформатор зауыты» АҚ қажетті 35-110 кВ күштік майлы трансформаторлардың металл құрастырылымдары, 3(10)-35 кВ шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдары, 35-110 кВ күштік майлы трансформаторларының жоғары және төменгі кернеуінің орамдары шығаратын болады. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 50 жұмысшы жұмыс жасауда. «ЭлектроДеталь» кәсіпорны жылына 1400 дана шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарды шығаруды жоспарлап отыр.