Елімізде Балаларды дамыту орталықтарының қызметі қымбаттады

Елімізде Балаларды дамыту орталықтарының қызметі қымбаттады

Елімізде Балаларды дамыту орталықтарының қызметі қымбаттады
ашық дереккөзі
Қазақстанда Балаларды дамыту орталықтарының қызмет көрсету құны бір жылда 6 пайызға өсті деп хабарлады turkystan.kz. Finprom.kz сайтында жазылған ақпаратқа сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында баға бір жылда 20,8 пайызға өскен. Үштікке Атырау (плюс 14,6 пайыз) және Қызылорда (плюс 14 пайыз) облыстары кірген. Ең аз өсім Павлодар облысында тіркелді – 0,7 пайыз. Алматы мен Жамбыл облыстарында бұл қызметтердің бағасы өзгерген жоқ. Өңірлік тұрғыда ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілген: 21,6 млрд теңге. Бұл 1 жыл бұрынғыдан бірден 51,6%-ға артық.