Жексенбі, 25 Қыркүйек, 2022

«Қазақ Титаны» «Иран Халкін» нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Дубайдағы (БАӘ) Wicked N’ Bad промоушн турнирінде екі алыптың — «Қазақ Титаны» Алматы Жұманов пен «Иран Халкі» Саджад Гарибидің жекпе-жегі өтті деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық пен ирандық  арасындағы төрт раундқа есептелген жекпе-жек ауыр салмақта өтті. Нәтижесінде «Қазақ Титаны» қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, «Қазақ Титаны» үлкен заттарды көтерумен, сүйреумен танымал. Ол биылғы сәуір айында АН-72 ұшағын орнынан қозғап, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ал «Иран Халкі» бодибилдингте ауыр заттарды көтереді. Оның дене бітімі әлеуметтік желіде танымалдыққа ие: бойы 188 см, салмағы 177 кг.

Back to top button