«Қазақ Титаны» «Иран Халкін» нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
«Қазақ Титаны» «Иран Халкін» нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
Дубайдағы (БАӘ) Wicked N' Bad промоушн турнирінде екі алыптың — «Қазақ Титаны» Алматы Жұманов пен «Иран Халкі» Саджад Гарибидің жекпе-жегі өтті деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық пен ирандық арасындағы төрт раундқа есептелген жекпе-жек ауыр салмақта өтті. Нәтижесінде «Қазақ Титаны» қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, «Қазақ Титаны» үлкен заттарды көтерумен, сүйреумен танымал. Ол биылғы сәуір айында АН-72 ұшағын орнынан қозғап, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ал «Иран Халкі» бодибилдингте ауыр заттарды көтереді. Оның дене бітімі әлеуметтік желіде танымалдыққа ие: бойы 188 см, салмағы 177 кг.