Атамбаев 24 желтоқсанда ресми сапармен Өзбекстанға барады

Атамбаев 24 желтоқсанда ресми сапармен Өзбекстанға барады

Атамбаев 24 желтоқсанда ресми сапармен Өзбекстанға барады
ашық дереккөзі
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ертең ресми сапармен Өзбекстанға барады. Бұл туралы президент аппаратының сырты саясат бөлімінің жетекшісі Сапар Исаков Бішкекте баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Атамбаев ресми сапары барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесіп, екі жақты әріптестікті дамыту мәселелерін талқылайды. Кездесу Самарқан қаласында өтеді деп жоспарланған. Атамбаев Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің зиратына барады.