Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында жол апаты болып, 6 адам көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.
«30 шілдеде 23.30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында Самара-Шымкент тас жолында жол апаты болды. Рөлде Қырғызстан азаматы отырған Honda Fit көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп Lada Largus көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы және Honda Fit көлігінің жолаушысы көз жұмды», - делінген хабарламада.