Шымкентте жүк көлігі жанып кетті

Шымкентте жүк көлігі жанып кетті

Шымкентте жүк көлігі жанып кетті
ашық дереккөзі
Оқиға түскі сағат 15:36 шамасында болған. Еңбекші ауданы Тоғыс елдімекені, Керуен сарай көшесі №169 үйдің жанында Газель жүк көлігі өртке оранған. Бұл туралы turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады. Ішіндегі құрылыс заттары мен көліктің құжаттары да түгелімен жанып кеткен.
«Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 9 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды», - делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.