Мыңға жуық қазақстандық қайтыс болғаннан кейін донор болуға келіскен

Мыңға жуық қазақстандық қайтыс болғаннан кейін донор болуға келіскен

Мыңға жуық қазақстандық қайтыс болғаннан кейін донор болуға келіскен
ашық дереккөзі
Қазақстанда 6 трансплантация орталығы, 40 донорлық стационар, 26 стационарлық және 16 аймақтық трансплантация үйлестірушісі бар. Елімізде 2012 жылдан бері Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істейді деп хабарлады turkystan.kz. Оның ең басты міндеті – Қазақстан Республикасында ағза мүшесі донорлығының тиімді ұлттық жүйесін құру. ​2021 жылы аталмыш орталық 4 өлі донордан трансплантациясына үйлестіруші болды: олардан 10 донорлық ағза мүшесі алынып, транплантацияға зәру рецепиенттердің Регистрінде тіркеулі тұрған 10 пациентке трансплантталды. Ал биылғы 6 айда 2 өлі донордан алынған 7 ағза мүшесі транплантация жасалды. «2021 жылы республиканың трансплантациялық орталықтарында ағза мүшесін транспланттау бойынша 171 операция жасалды: оның ішінде 4 өлі донордан 10 ағза мүшесі, көзі тірі донорлардан 161 ағза мүшесі ауыстырылды. Ал, биылғы жартыжылдықта трансплантациялық орталықта ағза мүшесі трансплантациясы бойынша 104 операция жасалды. Оның ішінде 7 ағза мүшесі өлі донордан алынса, 97 ағза мүшесі көзі тірі донордың келісімімен алынған», - делінген хабарламада. ​Осы орайда, айта кетсек, қазақстандықтар өзі қайтыс болғанда кезде трансплантация жасау мақсатында ағза мүшесінің доноры болуға не бас тартуға ықтиярын egov.kz порталы арқылы көзі тірісінде білдіре алады. Осылайша 2020 жылдан бері порталда 18000-ға жуық өтінім тіркелген: оның ішінде 17 мыңнан аса адам бас тартса, 1000-ға жуық адам келісім берген. «​Жалпы, қоғамда ағза мүшесінің донорлығына оң көзқарас қалыптастыру еліміздің денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі саналады. Сол себепті транплантацияны үйлестірушілер бұл бағытта кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - делінген хабарламада.