Тәжікстанда арша ағашына бақылау күшейтілді

Тәжікстанда арша ағашына бақылау күшейтілді

Тәжікстанда арша ағашына бақылау күшейтілді
ашық дереккөзі
Тәжікстанның қоршаған ортаны қорғау комитеті Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау мақсатында арнайы штаб құрды.
Комитет мәліметі бойынша, мереке қарсаңында елде қылқан жапырақты ағашты заңсыз кесушілер саны артады. "Біз соған бақылау орнаттық. Арша кескендерге айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға 200-800 сомони, қызметкерлерге - 800-2000, ал заңды тұлғаларға - 8 мыңға дейін айыппұл қарастырылған", - деді комитет маманы Сайфиддин Шарифов. Комитет өкілдері халықты мерекеде жасанды шырша орнатуға шақырды. Дегенмен эколог Әлихон Латифидің айтуынша, қыс мезгілінде тұрғындар қылқан жапырақты ағаштарды мереке үшін емес, үйге отын ретінде пайдаланады. "Өйткені электр қуаты жоқ. Кейбір адамдар бұны кәсіпке айналдырған. Олар ағашты базарда сатады", - деді эколог. Арша ағашы Тәжікстанның Қызыл кітабына енгізілген, сол себепті оны отауға тыйым салынған.