«Арселор Миттал Теміртаудың» қауіпсіздік жайы тексерілді – ТЖМ

«Арселор Миттал Теміртаудың» қауіпсіздік жайы тексерілді – ТЖМ

«Арселор Миттал Теміртаудың» қауіпсіздік жайы тексерілді – ТЖМ
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі бағытындағы шаралармен танысты деп хабарлады turkystan.kz.
«Юрий Ильин Арселор Миттал Теміртау басшылығын Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне шақырып, өндірістегі қауіпсіздік, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Арселор Миттал Теміртау басшылығы өндірістің барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады», - делінген хабарламада.
Юрий Ильин Өнекәсіптік қауіпсіздік департаментіне бизнес қауымдастыққа авариялар мен оқыс оқиғалардың санын азайту үшін қажетті әдістемелік көмек көрсетуді тапсырды. Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда, заң аясында қатаң шаралар қабылданатынын, тіпті өндірістің жұмысы тоқтатылатын ескертті. Сонымен қатар сапар барысында Юрий Ильин «КӘАҚҚ» ЖШС Республикалық орталық штабында болды, онда Республикалық орталық штабының және «АМТ» АҚ көмір департаментінің басшылығымен бірге тау-кен құтқарушыларын әлеуметтік қолдау және авариялық-құтқару қызметтерінің заманауи құралдармен, құрал-жабдықтармен және техникамен жарақтандыру жұмыстарымен танысты.