Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Қазгидромет 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Белсенді оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер бұрынғысынша Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күн күркірейді, жел күшейеді. Ақмола облысының солтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, түнде Қостанай облысының шығысында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Жетісу, Түркістан, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Абай облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +22+24°С градус болады. Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан соғады. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +28+30°С болады. Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, 8-13 м/с дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +32+34°С болады.