Елордада шетелдік жүргізуші полицейге пара бермек болған (ВИДЕО)

Елордада шетелдік жүргізуші полицейге пара бермек болған (ВИДЕО)

Елордада шетелдік жүргізуші полицейге пара бермек болған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған деп хабарлады turkystan.kz  қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруымен ВАЗ 2115 маркалы автокөлікті тоқтатқан.

«Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған. 27 жастағы жүргізуші оның іс-әрекетінің заңсыздығы туралы ескертуге қарамастан, патрульдік көліктің салонына ақшаны қалдырған, содан кейін ұсталған. Тәртіп бұзушының заңсыз әрекеттері полицейдің қызметтік бейнетіркегішіне жазылып қалған. ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»  деп жазылған хабарламада.

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.