Димаш Құдайберген Ғылым және жоғары білім министрлігіне идея ұсынды

Димаш Құдайберген Ғылым және жоғары білім министрлігіне идея ұсынды

Димаш Құдайберген Ғылым және жоғары білім министрлігіне идея ұсынды
ашық дереккөзі
Әлемге әйгілі әнші студенттік шығармашылықты дамыту және студент-жастардың қатысуымен болатын жобалары жөніндегі идеяларымен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Сонымен қатар шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджмент саласына қажетті кадрлар даярлау мәселелері де талқыланды. Димаш Құдайбергеновтің ұсынған идеяларын біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысы барысында міндетті түрде ескеретін боламыз. Алдағы уақытта да байланысымызды үзбей, үнемі пікір алмасып тұратын болып келістік. Димаш өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға салуға дайын екендігі біз үшін өте қуанышты» деп жазылған министрдің жазбасында.