Пайдаланылмаған 904 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Пайдаланылмаған 904 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Пайдаланылмаған 904 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
Бұл жайында  Мәжіліс депутаты, «Жер аманаты» комиссиясы мүшесі Ерлан Саиров айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жарты жылдың ішінде пайдаланылмай жатқан 904 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.Жылдың соңына дейін 5-млн гектар жер қайтарылады», - деп жазды Ерлан Саиров фейсбуктегі парақшасында.
Ал былтыр пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген  430 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Мәжіліс депутаты бұған дейін аудан және ауыл әкімдерінің жерге қатысты заңдағы нормаларды орындамай отырғанын сынаған еді.
«Жер қатынастары жөніндегі заң бойынша әрбір ауылдың айналасындағы 5-10 шақырымдағы жердің бәрі сол өңір азаматтарының жалпы пайдаланатын жері деп жазылған. Жер қатынастары жөніндегі жаңа заң бойынша егер белгілі бір жер телімі босайтын болса, оны алуға алдымен елдімекенде тұратын азаматтардың құқығы бар. Өкінішке қарай, заңдағы талапты жергілікті аудан және ауыл әкімдері орындамай отыр», - деген болатын депутат 22 маусымда AMANAT партиясының баспасөз орталығында өткен брифингте.