Браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді

Браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді

Браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді
ашық дереккөзі
Алматы облысы аумағында 3 броконьер ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
«28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік комитет және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады. Олар БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.