Түркітанушы ғалым Бабаш Әбілқасымұлы өмірден озды

29 шілде, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Түркітанушы ғалым Бабаш Әбілқасымұлы өмірден озды Ұлағатты ұстаз, түркітанушы ғалым, қазақ әдеби тілінің қалыптасуын зерттеушілердің бірі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі Бабаш Әбілқасымұлы өмірден озды деп хабарлады turkystan.kz. Бабаш Әбілқасымұлы 1931 жылдың 2 қарашасында Атырау (Гурьев) облысының Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық (бұрынғы Дуаберген) ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Новобогат кентіндегі Амангелді атындағы орта мектепті тәмамдаған соң еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуге арналған. Ғалымның жетекшілігімен 16 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.