Үстіне футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды
Үстіне футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды
Оралда үстіне футбол қақпасы құлап кеткен 11 жастағы бала көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.
Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға кеше кешке С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болған.
«Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі – қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды», – деп хабарлады ведомстводан.