Ақсуда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақсуда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақсуда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
ашық дереккөзі
Қайғылы хабарды әлеуметтік желіде  «VITA» іздеушілер желісі жариялады деп хабарлады turkystan.kz @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Сәрсенбай Хуанган 25 шілде күні Әуезов көшесі, 31 мекенжайынан жағалауға қарай шыққан және сол күйі хабарсыз кеткен.
«Марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Ер адамның денесі кездейсоқ табылды. ГРЭС кенті маңында Ертіс өзенінің бетіне қалқып шықты. Соңына дейін ол тірі деп үміттендік. Оның тірі екені жайлы ақпарат болған» деп жазылған хабарламада.
Еріктілер хабарсыз кеткен адамды Ақсу мен Павлодардан іздеген. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілде күні Ақсу қаласынан 17 шақырым жерде сағат 10.15 минутта Ертіс өзенінде құтқарушылар акваторияны патрульдеу кезінде 1983 жылы туған ер адамның денесін анықтаған. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.